2025 жылдың 13 ақпаны – халықаралық кітап сыйлау күні!

Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені КММ студенттері кітаптың қадірін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында өткізілген «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджіне атсалысты.

Іс-шара барысында әр қатысушы кітап сыйлап, білім мен әдебиетке деген қызығушылықтарын бөлісті. Қатысушылар кітаптың құндылығы мен оның өміріміздегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, шығармашылық жұмыстар мен кітап көрмелеріне белсене қатысты.

Бұл челлендж кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқу мәдениетін дамытуға және жастарды білімге деген қызығушылыққа баулуға үлкен ықпал етті. Қоғамда кітаптың қадірін арттыру – әрқайсымыздың міндетіміз!