Алғыс айту күні – елімізде жыл сайын тойланатын ерекше мереке. Бұл күн тек жақсылыққа алғыс айтып, бір-біріне шын жүректен ризашылық білдіруге арналады. Осы атаулы күн аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өз ұстаздарына, ата-аналарына және достарына алғыс айтып, ерекше құттықтаулар мен жылы сөздер жолдады. Сондай-ақ, музыкалық жетекші Н.А.Утурмакованың жетекшілігімен жұмыс жасайтын «Біздің әлем» театр үйірмесі де ерекше құттықтау дайындап, жақсылық пен қолдаудың маңыздылығын атап өтті. «Жас Ұлан» балалар ұйымының белсенділері тәлімгер Б.Махановамен бірге ұжымды құттықтап,қолдау ұстаздар қауымы мен мектеп қызметкерлеріне зор алғыстарын білдіріп, осы күннің мәнін тағы да тереңірек түсінді. Бұл күн бірлік пен мейірімділік атмосферасын қалыптастырып, оқушылардың жүрегінде жақсылыққа деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайтты.
Мұндай сәттер адамгершілік қасиеттерді күшейтіп, бізді бір-бірімізге жақындата түседі. Әрбір қолдау, әрбір жылы сөз – бұл үлкен көмек. Алғыс айту күні барлық жақсылықтарға ризашылығымызды білдіріп, болашаққа сеніммен қадам басуға шабыт берді.







