13.03.2025ж есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш сынып оқушылары арасында «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» тақырыбында сурет көрмесі өтті.
Бұл іс - шараның негізгі мақсаты - қазақ халқының көне дәстүрлерін, ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесінің маңыздылығын балаларға түсіндіру және оларды ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрмеге қатысқан оқушылар өз суреттері арқылы Наурыз мейрамының ерекшеліктері мен салт - дәстүрлерін көрсетуге тырысты.







