2025ж. 19 наурызында «Ата - аналарды педагогикалық қолдау» қызметін ұйымдастыру жоспары бойынша есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш буын бірлестігінің тәрбиешілері С.Оразбаева мен А.Балжанова ата-аналарға «Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас» тақырыбында кезекті кездесуін ұйымдастырды.
Мақсаты: сенімді қарым - қатынас орнату - бала ата-анасымен ашық сөйлесе алатындай жағдай жасау; өзара құрметті нығайту - ата - ана мен бала бір - бірінің пікірін құрметтеп,түсіне білуі; тәрбиелеу және құндылықтарды қалыптастыру - дұрыс мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерді дамыту. Шараға бастауыш сынып оқушыларының ата - аналары белсене қатысты. Тәрбиешілер ата - аналарды жылы шыраймен қарсы алып, кездесудің мақсат - міндеттерімен таныстырды. Бала тәрбиесінде ата - ананың алар орны, әсіресе есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін ерекше маңызға ие екені атап өтілді.
С. Оразбаева «Қарым-қатынас - өзара түсіністіктің негізі» тақырыбында әңгіме өрбітіп, ата - ана мен бала арасындағы тиімді қарым - қатынастың ерекшеліктеріне тоқталып, нақты мысалдар арқылы түсіндірсе, А. Балжанова ата - аналармен интерактивті жаттығулар ұйымдастырып, балалардың эмоционалдық жағдайын түсінудің әдіс - тәсілдерімен бөлісті. Сондай - ақ, ата-аналар ұлттық ойындар ойнап, ұлттық дастарханнан дәм татты. Кездесу барысында ата - аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақ - жауап форматында пікір алмасты. Кездесу соңында ата - аналар алғыстарын білдіріп, мұндай іс - шаралардың жиі өткізілуін қалайтындарын жеткізді.