Мектебімізде 20 наурыз күні “Қош келдің,әз Наурыз!” мерекесі атап өтілді.
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру,қазақ халқының салт - дәстүрі мен ұлттық рәсімдерінің тәрбиелік мағынасын насихаттау.
Наурыз мерекесі Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Абай жолы романының “Абайдың ауылға оралуы эпизоды мен басталып, ауыл көрінісі, Наурыз мерекесі, ұлттық ойындармен жалғасты. Зере әже Абайын оқудан күтіп алып оның өлең жазу, домбыра тарту өнеріне қонақтар риза болып ақ батасын берді. Серілердің әндері, өнерпаздардың өнері көрермен көңілінен шығып, оқушылар ұлттық құндылықтарды көріп, ойындар ойнап, шашу теріп, ұлттық киімдер сайысының қорытынды марапаттарының куәсі болды. Ауыл келіндері ата - аналармен ләңгі ойынын ойнап, ұршық иіру сайысын жасады. Ата - аналар ақ тілектерін білдіріп, рахмет айтты.







