19 наурыз күні “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені” КММ - де бастауыш буын оқушылары арасында оқушыларға наурыз мейрамының қазақ даласындағы орны,қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрлері мен ұлттық ойындарын ,ән - жырларын насихаттау, оқушыларды ұлтжандылыққа баулу мақсатында “Наурыз келді далама!” тақырыбында ертеңгілік өтті.
Балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ұлттық ойындар ойналып, оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы ерекше көзге түсті.
Ата - аналар қауымы да мерекелік шараға атсалысып, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды.
Наурыз - жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осындай жарқын шаралар арқылы ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, рухани тәрбиені нығайтуды мақсат етеміз.







