2025 жылдың 1 сәуірінде Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат - колледжінде жоспар бойынша 10 сынып оқушыларына арналған «Стресс саған қалай әсер етеді» атты психологиялық тестілеу өткізілді. Іс - шараны мектеп психологтары Момышева М.Б. және Шакибаева А. А. ұйымдастырып, жүргізді.
Тестілеудің басты мақсаты - оқушылардың психоэмоционалдық жай - күйін анықтау, стреске бейімділік деңгейін бағалау, сондай - ақ стрессті жеңудің тиімді тәсілдерін ұсыну болды.
Іс - шара барысында оқушылар арнайы әзірленген сауалнамалар мен тест тапсырмаларын орындап, өздерінің ішкі көңіл - күйлері мен стресске реакцияларын анықтады.
Психологтар әр оқушының нәтижесін сараптай отырып, жеке кеңестер беріп, стрестік жағдайлармен күресу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға релаксация жаттығулары, тыныс алу техникасы, позитивті ойлауды дамыту тәсілдері таныстырылды.








