“Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті.
Студенттер “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты.
Іс-шараның мақсаты — табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеміздің тазалығын сақтау.
Студенттер колледж аумағын, жасыл аймақтарды тазалап, бірлік пен белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Осындай игі бастамалар жастардың бойында жауапкершілік пен табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастырады.
#Таза орта — жарқын болашақ кепілі.








