15 сәуір 2025 жылы 4 «А» сыныбында тәрбиеші А.Жетибаева оқушыларға компьютердің пайдалы және зиянды жақтарын түсіндіру, сонымен қатар оны қауіпсіз әрі тиімді пайдаланудың жолдарымен таныстыру мақсатында «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар компьютердің күнделікті өмірдегі алатын орны, оқу мен ойынға, байланыс пен ақпарат іздеуге қалай көмектесетіні туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, экран алдында ұзақ отырудың көру қабілетіне, денсаулыққа әсері, дұрыс емес отырыс қалпы мен уақытты шектен тыс өткізу сияқты зиянды тұстары да түсіндірілді.
Тәрбиеші оқушыларға компьютерді пайдалану кезінде дұрыс отыру ережелерін көрсетіп, балалармен бірге көзге арналған жаттығулар жасады.
Оқушыларға арнайы слайдтар мен көрнекі материалдар көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды.
Осындай танымдық тәрбие сағаттары оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың технологияны саналы қолдануына үлкен септігін тигізері анық.








