“Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог маманы С.С. Саматов “Діни радикализация: жастардың қауіпсіздігі мен діннің дұрыс түсінілуі» тақырыбында ата - аналар мен мектеп ұстаздарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында:

  • Діннің қоғамдағы орны мен маңызы;
  • Жастардың теріс діни ағымдарға түсіп кетуінің алдын алу жолдары;
  • Ата - ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі;
  • Ұстаздардың діни сауаттылығының маңыздылығы сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

Мұндай кездесулер - жастарымыздың саналы, білімді әрі діни сауатты болып өсуіне бағытталған маңызды қадам. Ата - ана мен ұстаздың бірлесе жұмыс істеуі - бала болашағының кепілі.
Бала - болашағымыз. Оны сақтайық!