Орта буын тәрбиешілерінің “Сәлем саған, туған жер!” атты апталығы аясында 24 сәуір күні Г.Мұстапина 6 “а” класында “Қыш ыдыстар” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларды ұлттық мұра - қыш өнерімен таныстыру, саздан ыдыс жасау арқылы қөлөнерге қызығушылықты арттырып, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа , шығармашылыққа баулу, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолдарына әртүрлі қыш ыдыстар ұстап, класқа әсем әуен ырғағымен ерекше көңіл күйде кірген оқушылар өздерін Отырар қаласынан саяхаттап келген қонақтар ретінде таныстырып, тарихи - танымдық рөлдік ойын арқылы сабаққа кіріспе жасалды.
Тәрбиеші балаларды қыш ыдыстармен, оларды жасау барысында қажет болатын құрал - жабдықтармен таныстырып өтті. Балалар бұл құралдардың атауын атап, өз ойларымен бөлісті.
Сабақ бірнеше кезеңге бөлініп, әр сатысы оқушыларға түсінікті, әрі қызықты өтті. Оқушылар өздерін нағыз қолөнершідей сезініп, бар мүмкіндіктерінше кесе жасап шығарды. Қышпен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелері ескерілді.