2025 жылдың 6 мамырында көру қабілетінде бұзылысы бар бастауыш буын оқушыларына Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерен ерліктері есімізде” атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

📌Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай батырлардың ерлігін құрметтеуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу, көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сайыс салтанатты ашылып, сайыстың мақсаты таныстырылды. Қатысушылар батырларға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, қазылар алқасы оқушылардың дауыстап оқуына, сахнада өз-өзін ұстауына және мазмұнды жеткізуіне баға берді.

⭐️Сайыс соңында жүлдегерлер марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды.

📝Іс-шара оқушылардың белсенділігімен жоғары деңгейде өтті. Сайыс оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, көркем оқу шеберлігін арттыруға әсер етті. Мақсатына толық жетті.
Жауапты: Молдагереева А