2025 жылдың 7 мамыры күні бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлер – елдің қорғаны» атты мерекелік шара өтті.
Іс-шараға мектептің ұстаздары мен қызметкерлері қатысты.
Мақсаты – ер азаматтарға құрмет көрсету, Отан алдындағы қызметі үшін алғыс білдіру, сондай-ақ ұжым мүшелерінің арасында бірлік пен сыйластықты арттыру болды.
Мереке барысында мектеп ұжымындағы ер азаматтарға арнап жылы лебіздер айтылып, алғыс сөздер жолданды. Бастауыш сынып мұғалімдері патриоттық әндер орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, әріптестер арасында көтеріңкі көңіл-күй орнататын ойындар мен шағын сыйлықтар ұсынылды.
«Ерлер – елдің қорғаны» атты бұл кеш ұстаздар мен қызметкерлердің бірлігін нығайтып, олардың еңбегін бағалауға арналған игі бастама ретінде өтті.







