Ақтөбе облыстық мектеп-интернат-колледж кешенінде бүгін ерекше рухани кездесу өтті. «Еңбегімен ел таныған» атты бұл шараға өмірін бала тәрбиесіне арнаған, мектепте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер апайлар шақырылды.

Кеш барысында ардагер ұстаздар өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік пен жанашырлық жайлы жүрекжарды әңгімелер айтты. Олар жас маман болуға ұмтылған студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді.

Студенттер де өз тарапынан белсенділік танытып, қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарына деген сенімдерін күшейтті.