2025 жылдың 23 мамырында мектебімізде мектеп бітіруші түлектердің “Соңғы қоңырау” салтанаты өтті.
Бұл - оқушылар үшін оқу жылының аяқталуын білдіретін ерекше күн. Әсіресе, бітіруші түлектер үшін бұл күн ерекше толқыныс пен сағынышқа толы болды. Мектеп ауласында өткен мерекелік шараға ұстаздар, оқушылар, ата - аналар мен қонақтар қатысты. Соңғы қоңырау соғылып, мектеппен қоштасу сәті есте қаларлықтай өтті.







