2025 жылғы 29 тамыз күні “мектеп-интернат-колледж” кешенінде “Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес директор Г. Шакенова оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңесті ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
2) Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э. Қоблаш 2025–2026 оқу жылында білім беру ұйымының даму стратегиясы, жаңартылған оқу бағдарламалары, тәрбие жұмысының бағыттары, цифрлық білім беру ресурстарының қолданылуы, инклюзивті білім беруді іске асыру және педагогтердің кәсіби дамуы жөнінде мәлімет берді.
3) мәселе бойынша оқу жылының жылдық жұмыс жоспары, педагогтердің оқу жүктемелері және педагогикалық кеңестің 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары мақұлданды.
 Педагогтер тарапынан сұрақтар қойылып, жаңа оқу жылының басталуына байланысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Кеңесте оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.
Барлық қабылданған шешімдер педагогикалық ұжыммен бірауыздан мақұлданды.