«Білім күні – бейбітшілік күні» тақырыбында білім күніне орай мектебімізде мерекелік шара өткізілді.

Жаңа өмірге, білім жолына алғашқы қадам басқан кішкентай бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ тілейміз!
Бұл күн – тек балалар үшін ғана емес, ата-аналар, ұстаздар үшін де толқыныс пен қуанышқа толы ерекше сәт.
Жаңа оқу жылы барша білім алушыларға сәттілік пен жеміс әкелсін!