2 қыркүйек күні барлық сыныптарда класс жетекшілері  “Менің Отаным - Қазақстан” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді

Сабақ барысында оқушылар еліміздің тарихы, географиясы, мемлекеттік рәміздері және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, патриоттық рухты көтеруге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған түрлі бейнежазбалар көрсетіліп, пікірталастар ұйымдастырылды.

Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, Қазақстан Республикасының азаматы болудың жауапкершілігі мен маңыздылығы туралы ой бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ел болашағына деген сенімді арттыру болды.