2 қыркүйек күні “Мектебім – мейірім мекені” тақырыбындағы тәрбие сағаты барлық сыныптарда өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға мектептің — білім мен тәрбие ордасы екенін ұғындыру, мектепке деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақ барысында балалар мектеп туралы өз ойларын ортаға салып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Олар сурет салып, өлең жолдарын оқып, «Менің мектебім» тақырыбында шағын әңгімелер жазды. Бұл тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуға ықпал етті.
Барлық сыныптарда өткен тәрбие сағаттары оқушылардың мектепке деген құрметін арттырып, ұйымшылдық пен жауапкершілікке баулыды. Іс-шара соңында балалар' бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, мектепте жақсы оқуға, тәртіпті болуға уәде берді.












