08.09.2025 ж. бастауыш буын оқушыларымен “Менің отбасым” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
📝оқушылардың отбасы мүшелерін таныстыру арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту, отбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру.
📌🌟Сабақ барысында оқушылар өз отбасыларын таныстырып, түрлі шығармашылық тапсырмалар орындады.
💫Тәрбиешімен бірге «Отбасы ағашын» жасап, отбасы құндылықтары туралы бейнеролик тамашалады.
Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сергіту сәтіне қатысып, жағымды көңіл-күймен аяқтады.







