16 қыркүйек күні мектеп-интернат-колледжде өтіп жатқан Тілдер апталығына орай бастауыш буын оқушылары “Тіл — тәуелсіздік тірегі” тақырыбында сурет көрмесіне қатысты.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, тіл арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу және көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту.

Көрмеге әр кластың оқушылары белсене қатысып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізді.