Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-инетрнатк-колледж» кешенінің оқушылары Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстазыңды құттықта» атты челленджге белсене атсалысты.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұстаздарға деген құрметін арттыру, алғыс айтуға тәрбиелеу, ұстаз еңбегінің қадірін түсінуге баулу.

Оқушылар сүйікті ұстаздарына арналған бейнеқұттықтаулар, суреттер, өлең шумақтары мен шығармалар дайындап, әлеуметтік желілерде #ҰстазыңдыҚұттықта хэштегімен жариялады. Сонымен қатар, бірқатар оқушылар өз ұстаздарына қолөнер бұйымдарын жасап, шығармашылықпен құттықтады.

Аталған челленджге мектеп түлектері де атсалысып, жүрекжарды тілектерін арнады.

Іс-шара өте жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Челендж нәтижесінде оқушылар мен ұстаздар арасындағы рухани байланыс нығайып, мұғалімдерге деген құрмет пен алғыс сезімі тереңдей түсті.