23 қыркүйек күні 4«а» сынып оқушыларымен тәрбиеші М. Тлеу “Жол ережесін сақтау - қауіпсіздік кепілі” тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
Мақсаты:
Жол қозғалысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, апаттар мен жарақаттарды азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
Жол ережелерін түсіну мен сақтау дағдыларын арттыру арқылы жүргізушілердің мәдениет деңгейін жоғарылату.
Сабақ есту қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылды. Визуалды оқыту әдістері қолданылды: жол белгілері бейнеленген суреттер мен слайдтар, мимика және ым-ишара тілдері арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Балаларға жаяу жүргіншіге арналған негізгі жол белгілері, бағдаршамның түстері мен олардың мағынасы, қауіпсіз жерден жолды кесіп өту ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Тәрбиеші арнайы әзірленген көрнекі құралдар мен интерактивті жаттығулар балалардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенді қатысуға ынталандырды.







