Ағымдағы жылдың 9қазан күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж кешенінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы– З.Т. Кашкенованың ұйымдастыруымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда дәстүрлі цифрландырудың жасанды интеллект арқылы тиімді әдістері мен стратегияларды тәжірибеде қолдану аясын кеңейту мақсатында «ЕББҚ бар балаларға оқытуға арналған заманауи білім беру мультимедиялық кешендері» облыстық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында аталған мекеменің педагогтары ерекше білім беруде қолданылатын жасанды интеллект әдіс-тәсілдерін көрсетіп, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде заманауи трендтер, негізгі құндылықтар мен технологиялар мүмкіндіктерін пайдалануда өз тәжірибелерімен бөлісті:

мультимедиялық ресурстарды тиімді қолдану жолдарын;

бейімделген сабақ, сценарийлерін құрастыру тәсілдерін;

ЕББҚ, бар оқушыларға арналған интерактивті құралдарды пайдалану әдістерін;

оқушылар жетістігін бағалау критерийлерін әзірлеуді меңгерді.

Ең бастысы - мұғалімдер мультимедиялык кешендер арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттырудың, оқуға деген қызығушылығын оятудың тиімді тәсілдерін меңгерді.

Жеке ерекшеліктерді ескере отырып әзірленген контент білім сапасына жаңа серпін береді.

Іс-шара инклюзивті орта қалыптастыруга бағытталған нақты қадамдарға ұласты.

Бұл — білімде шекара болмайтынын тағы бір дәлелдейтін сәт!

Облыстық семинарда озық тәжірибесін насихаттап, оқу-тәрбие үдерісінде басты маңыздылық мультимедиялық ресурстарды тиімді пайдаланып, негізгі идеяларын иллюстрациялық әдіспен аудиторияға көрсете білген барлық ұстаздарға алғыс айтамыз.