29.09.2025 ж жоғары буын және колледж студенттері арасында 1 қазан Қарттар күніне арналған «Қарттар - біздің асыл қазынамыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты:

Оқушылардың бойында қарт адамдарға деген құрмет пен ізеттілік сезімін қалыптастыру. Қарттардың өмір жолы мен қоғамдағы рөлін ұғындыру.

Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау мен үлкенге құрмет көрсету тәрбиесін дамыту.

Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа және жанашырлыққа баулу.

Отбасы мен қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығының маңызын түсіндіру.

Сабақ барысында бейнебаян көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылды, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер оқылды.

Оқушылар мен студенттер өз ойларымен бөлісті, қойылған сұрақтарға жауап бере білді.