22 қазан күні мектебімізде «Күзгі көрме» ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, күз мезгілінің ерекшеліктерін таныту және ата-аналармен тығыз байланыс орнату болды.
Көрмеге оқушылар мен ата-аналар бірлесіп жасаған түрлі күзгі тақырыптағы бұйымдар қойылды. Әрбір жұмыс ерекше идеямен, әдемі көркемделуімен көзге түсті. Арнайы құрылған комиссия мүшелері “Ең үздік” деп танылған бұйым авторларына мадақтама қағаздарын табыстады.







