Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың еңбекке баулу, ұжымшылдық, ұйымшылдық қасиеттерін дамыту және күзгі молшылықты, берекені дәріптеу.
Жәрмеңкеге әр топ өздері әзірлеген күзгі өнімдер, қолөнер бұйымдары мен тағам түрлерін ұсынды. Балалар өз қолдарымен пісірілген тәттілер, салаттар, көкөністер мен ұлттық тағамдарды ұсынды. Іс-шара өте қызықты, әрі ұйымшыл түрде өтті.
«Күзгі асар» — балалардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, қайырымдылық пен мейірімділікке бастайтын маңызды тәрбиелік іс-шара болды.







