Білім беру саласы – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін күрделі орта. Мұғалімнің жан дүниесі, ішкі тепе-теңдігі мен эмоциялық тұрақтылығы – оқу-тәрбие процесінің сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сол себепті педагогтің кәсіби жүктемесін жеңілдету, шаршаудың алдын алу және оның эмоционалдық ресурсын қалпына келтіру – қазіргі білім жүйесіндегі өзекті бағыттардың бірі.

Осы мақсатта 2025 жылдың 29 қазанында “Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ-де мекеме психологы А.А. Шакибаева жоспарға сәйкес педагогтарға арналған “Педагогтердің кәсіби жануының алдын алу” тақырыбында мазмұнды әрі тәжірибеге негізделген тренинг өткізді.

Тренинг барысында:

  • кәсіби жанудың белгілері мен кезеңдері түсіндірілді;

  • стрестің ағзаға әсері және оны басқару жолдары талқыланды;

  • педагогтің ішкі ресурсын сақтау, психологиялық тұрақтылықты күшейтуге арналған жаттығулар орындалды;

  • релаксация, эмоцияны реттеу, жағымды ой қалыптастыру әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді;

  • қатысушылар өз көңіл күйімен жұмыс істеуді, бір-бірін қолдаудың маңыздылығын түсінді.

Тренинг жылы атмосферада өтіп, педагогтар кәсіби белсенділігін арттыруға, ішкі тепе-теңдігін дамытуға бағытталған жаңа ақпарат пен практикалық дағдыларға ие болды.

Бұл шара мұғалімдердің психологиялық саулығын нығайтуға, кәсіби жанудың алдын алуға, ұжым ішіндегі оң қарым-қатынасты күшейтуге бағытталды. Осындай тренингтер педагогтің өзін дамытуына, жұмысқа деген құлшынысын арттыруына және оқыту сапасын жақсартуға ықпал ететіні анық.