Апталықтың ашылуы
17 қараша күні пәндік апталықтың ашылуы «ЖИ – білімге жаңа тыныс» атты танымдық сағатпен басталды.
Мақсаты:
Оқушыларды жасанды интеллект (ЖИ) ұғымымен, оның түрлі салаларда қолданылуымен, заманауи қоғамдағы маңыздылығымен және жаратылыстану-математика пәндерінде қолдану мүмкіндіктерімен таныстыру. Оқушыларды заман талабына сай дамуға, білімнің үздіксіз екенін сезінуге, жаңашылдыққа ұмтылуға бағыттау, заманауи технологияларға қызығушылықтарын ояту.
Шара барысында оқушылар жасанды интеллект ұғымымен тереңірек таныстырылды.
6 «Б» сынып оқушысы Түктебай Бақтияр «ИИ – наш умный помощник» тақырыбында мазмұнды презентация жасап, ЖИ-дің әртүрлі салада қолданылуы туралы тың ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, жаратылыстану-математика пәндері атынан ЖИ бейнесінде сөйлейтін бейнебаян көрсетілді. Апталық барысында өткізілетін ашық сабақтар, түрлі шаралар мен зияткерлік ойындар туралы мәлімет «Цифрлық карта» арқылы таныстырылды.
Бұл шара оқушыларға жасанды интеллект мүмкіндіктерін танып-білуге, жаңа технологияларды оқу үдерісімен ұштастыруға бағытталды.







