Апталық аясындағы ашық сабақтар
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің «Ғылым әлеміне ЖИ арқылы қадам» тақырыбындағы апталық аясында А. Тубетбаева 9 «Ә» сыныбында география пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыл шаруашылығы.
Оқу мақсаты: Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы туралы айту; ауыл шаруашылығының негізгі салаларын атап шығу; ауыл шаруашылық мекемелерінің түрлерін атау.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнеролик көрсетілді. Оқушылар «Ауыл вайбында» бөлімінде ауылдың әсем көріністерін тамашалап, үй жануарларының дыбыстарын ажыратып, берілген сұрақтарға жауап берді.
Сабақ барысында «Бақыт» фермасында өз фотоларының көркем бейнеүзіндіге айналғанын көріп, тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен, шабыттана орындады.







