Апталық аясында математика пәні мұғалімі Г.Оңайша 8 «А» сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі және орта сызығы.
Оқу мақсаты: үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі, орта сызығының анықтамаларын білу және оларды салу.
Сабақта оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, геометриялық элементтерді сызу жұмыстарын орындады.







