Жаратылыстану-математика әдістемелік апталығы аясында 6 «Б» сыныбында (оқыту орыс тіліндегі) (көру қабілеті бұзылған оқушылар үшін) «Операциялық жүйелер» («Операционные системы») тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында пән мұғалімі Н.А.Шаханова жасанды интеллект, толықтырылған шындық, интерактивті платформалар және үстел үсті оқыту ойындарын сәтті қолданды. Мұндай тәсілдер оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, цифрлық сауаттылықтарының дамуына ықпал етті.