7 «Б» сыныбында география пәнінен Г.И. Мухамбетова ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Метеорологиялық элементтер. («Метеорологические элементы погоды»)
Сабақтың мақсаты – оқушыларды ауа райының негізгі метеорологиялық элементтерімен (температура, қысым, жел, ылғалдылық, жауын-шашын, бұлттылық) таныстыру, олардың мәнін анықтау және ауа райының қалыптасуындағы өзара байланысын түсіндіру.
Сабақ белсенді, танымдық атмосферада өтті. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жақсы білім деңгейін көрсетті.







