9 «А» сыныбында Ж.Е. Кужагелдиев химия пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Металдардың жалпы сипаттамасы.
Оқу мақсатына сәйкес сабақта металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып, металдардың қасиеттері және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететіні практикалық жолмен түсіндірді. Оқушылар металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттауды үйренді.