Ақтөбе облыстық "мектеп-интернат-колледж" кешенінде жоғарғы буын оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен «Қамқорлық – адамгершіліктің биік үлгісі» атты мазмұнды тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастарға мейірім, ізгілік, өзара қолдау мен жанашырлықтың қоғамдағы, адам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді.
Қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, өмірден алынған мысалдар арқылы қамқорлықтың шынайы мәнін талқылады. Сонымен бірге, топтық ойындар мен түрлі жағдаяттар арқылы бір-біріне қол ұшын созу, жауапкершілікті сезіну дағдылары дамытылды.








