Коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің "Коррекциялық сабақтарда инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбындағы апталығы аясында 26.11.2025 жылы есту қабілеті бұзылған және нашар көретін 5-8 кластар аралығында "Көңілді тапсырмалар" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Мақсаты:
Білімділік: ой-өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық, қызығушылығын арттыру, логикалық тапсырмаларды орындауға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын дамыту, аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру.
Тәрбиелік: тапқырлыққа, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу
Өткізген педагогтар: А.К.Ердикаликова, А.Е. Шотеева, А.Дәрібаева.







