2025 жылдың 27 қараша күні коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің апталығы жоспарына сәйкес мұғалім - дефектолог Байбатша Б.М. қоршаған әлеммен танысу пәнінен мектепке дейінгі тобының көру қабілеті бұзылған балаларымен топтық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Сабақтың мақсаты: Жемістер мен көкөністер бақшада өсетіндігін түсіндіру. Жемістер мен көкөністерді сезім мүшелері ( көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы дамыту, түсін анықтай білуге үйрету. Еңбекқорлыққа баулу.