27.11.2025жылы мұғалім-дефектологтар А.Б.Жумагазина және А.Б.Мурзалина "Әлемді жүрекпен сеземіз" атты интеллектуалды ойын өткізді. Аталған шара қалдық көрі қабілетін дамыту үшін өте маңызды, себебі олар оқушылардың назарын аударып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әр түрлі ойындар балалардың көріп түсіну қабілеттерін жақсартады. Мақсаты:Оқушылардың өзіне деген сенімділігін, оқу мотивациясын арттыру.
Топпен жұмыс істеу, бір-біріне көмек көрсету, қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Есте сақтау, есту арқылы қабылдау, тактильді сезіну дағдыларын дамыту.
Логикалық ойлау, талдау, салыстыру дағдыларын дамыту.
Көру қабілетін үнемді пайдалану дағдыларын жетілдіру (көзді шаршатпай оқу, жарықпен дұрыс жұмыс істеу).
Материалды үлкейтілген қаріппен, контрастты түсте немесе аудио форматта ұсыну.







