10 желтоқсан күні "Бала тәрбиесі отбасынан басталады" тақырыбында 7–10 сынып және колледж бөлімінің ата-аналары үшін маңызды жиналыс өтті.
– Жиналысқа қаладан тыс жерде тұратын ата-аналар Zoom платформасы арқылы қосылса,
– Қалада тұратын ата-аналар офлайн форматта қатысып, мамандармен тікелей сұхбаттасты.
Жиналыс барысында бірнеше бағыт қамтылып, арнайы мамандар ақпарат ұсынды:
–Ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Төлепов Абдулла жасөспірімдердің рухани дамуы, отбасындағы құндылықтар және ата-аналар жауапкершілігі туралы мазмұнды түсіндірме берді.
–СӨС дәрігері Айткулова Алмагүл Агадиловна «Баланың денсаулығына ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында: ерте жыныстық қатынас пен жасөспірімдік жүктіліктің алдын алу бойынша кеңестер ұсынды.
–гинеколог дәрігер Ақбота Бердіқожақызы қыз балалардың денсаулық мәдениетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.
–Полиция майоры Днимов Қуандық Өмірзақович қауіпсіздік – ең алдымен отбасыдан басталатаны және ата-ананың құқықтық жауапкершілігі жайында ақпарат берді.
Сондай-ақ, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы бірлескен профилактикалық жұмыстар таныстырылды.
Жиналыс соңында отбасындағы зорлық-зомбылық және балаларды қорғау тақырыбы кеңінен талқыланды. Ата-аналарға қауіпсіз отбасылық орта қалыптастырудың маңызы мен балаға психологиялық қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.
Барлық ата-аналарға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз! Бірлескен жұмыс – бала болашағына бағытталған ең маңызды қадам.







