«Құстарға қамқор болайық!» акциясы

«Біртұтас тәрбие» бағыты бойынша «Адал азамат» бағдарламасы аясында жоғары буын оқушылары арасында экологиялық үндеу ретінде «Құстарға қамқор болайық!» атты акция өткізілді.
Акция барысында оқушылар қыстап қалатын құстарға арнап ұя жасап, оларды жемге толтырды.
Сонымен қатар, жоғары буын оқушылары орта буын оқушыларына құстарға қамқорлық жасау қажеттігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.