Жас мамандарға тренинг Жас мамандар арасында кәсіби бейімделу мен психологиялық қолдауды күшейту мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыру, ұжымда тиімді қарым-қатынас орнату және кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған жаттығулар өткізілді. Іс-шара жас мамандардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайтып, жұмысқа деген ынтасын арттыруға ықпал етті.