Ақтөбе Білім-Инновация қыздар лицейінің Lady Divergent робототехника командасының оқушылары «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде болып, өз жобаларын таныстырды.
Жоба тактильді археология бағытына негізделген және музейлердегі археологиялық экспонаттарды барлық келушілерге, соның ішінде есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар адамдарға қолжетімді етуді мақсат етеді.
Жоба аясында 3D басып шығару технологиясын қолдану арқылы тактильді оқу материалдарын әзірлеу және мектептердегі тарих сабақтарында есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мәтіндік әрі аудиоформаттағы ақпарат ұсыну мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу барысында оқушылар жоба туралы ақпарат алып, ұсынылған прототип нұсқаларымен танысты.
Мектебімізге келіп, оқушыларымызбен қызықты ақпараттармен және тәжірибемен бөліскені үшін Ақтөбе Білім-Инновация қыздар лицейінің @ladydivergent_fll робототехника командасының оқушыларына шексіз алғыс білдіреміз!