Таңдау жасамас бұрын ойлан: болашағың өз қолыңда!
Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында екі маңызды деректі фильмнің көрсетілімі өтті.
Студенттер есірткі бизнесінің көлеңкелі жағын баяндайтын «Закладчики. Расплата» және «Закладчики. Мать» деректі фильмдерін тамашалады.
«Закладчики. Расплата» фильмінде есірткінің заңсыз айналымына араласудың ауыр құқықтық салдарға әкелетіні нақты мысалдар арқылы көрсетіледі. Жеңіл ақшаның соңы – бостандықтан айырылу.
Ал «Закладчики. Мать» фильмінде нашақорлық пен қылмыс мәселесінен зардап шеккен аналардың ащы тағдыры баяндалады. Бұл – қылмыстың тек оны жасаған адамның ғана емес, оның жақындарының да өміріне ауыр зардап әкелетінін көрсететін шынайы оқиға.
Көрсетілім соңында білім алушылар өзара пікір алмасып, зиянды әдеттердің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зардабын талқылады.
Мұндай шаралар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, құқықтық сауаттылығын арттыруға және әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.







