Ата-аналарды педагогикалық қолдау отырысы
«Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде» ата-аналарға арналған «Шексіз мүмкіндіктер және жасырын қауіптер: ерекше баланың цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі» тақырыбында педагогикалық қолдау отырысы өтті.
Балаларымыз үшін гаджеттер – жай ермек емес, олардың «көзі» мен «құлағы». Алайда осы мүмкіндіктердің артында қандай қауіптер тұр?
Отырыс барысында ата-аналармен маңызды тақырыптар талқыланды:
көру қабілеті бұзылған балалар үшін «дауыстық алаяқтық» пен геолокация қауіптері;
есту қабілеті бұзылған балалардың бейнеқоңыраулар мен мәтіндік манипуляцияларға алдану қаупі;
практикалық тренинг: «Әлемді сезіну» жаттығуы арқылы ата-аналар баланың жағдайын сезініп, интернеттегі кедергілерді өз тәжірибелері арқылы түсінді.
Нәтижесінде ата-аналар «Be My Eyes», «Envision AI» қосымшаларын орнатуды, құпиялылық баптауларын реттеуді және баламен «Отбасылық құпия сөз» ойынын ойнауды үйренді.
Балаңыздың цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі – сіздің басты назарыңызда!