Ата-аналарға арналған «Ұлттық ойындар – тәрбие негізі» практикумы
«Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде көру қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ұлттық ойындар – тәрбие негізі» тақырыбында практикум өтті.
Қатысқан ата-аналар саны: 5
Ұйымдастырушылар: Елеуова С. С., Тажибаева М. К.
Негізгі мақсат – ұлттық ойындар арқылы көру қабілеті бұзылған балалардың сенсорлық қабылдауын, ұсақ моторикасын, кеңістікте бағдарлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту жолдарын ата-аналарға көрсету.
Практикалық бөлімде:
ата-аналар «Асық ату», «Бес асық», «Сақина салу» ойындарын өздері ойнап, әр ойынның баланың қол икемділігі мен көру-тактильді қабылдауына әсерін түсінді;
«Соқыр теке», «Ақсүйек» ойындарының кеңістікте бағдарлауға көмегін талқылады;
педагогтар үй жағдайында гаджетсіз, қарапайым құралдармен ойнаудың тиімді әдістерін көрсетті.
Нәтижесінде ата-аналар балаларымен бірге ойнаудың маңыздылығын түсініп, ұлттық ойындардың түзете-дамыту мүмкіндіктері туралы терең білім алды.
Балалар үшін ең бастысы – ата-анасымен бірге өткізген 15–20 минуттық ойынның жылуы мен пайдасы.
Ата-аналарымызға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Бірге – біз күштіміз!







