2026 жылдың 12 наурыз күні білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттері және жоғарғы буын оқушыларымен профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Днимов Қуандық Өмірзақұлы қатысты.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ білім алушылар өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.








