Ұлттық бөлмемен танысу Ұлттық бөлме – рухани тәрбие бесігі.Наурызнама онкүндігі аясында мектеп-интернатымызда ерекше іс-шара өтті! Көру қабілетінде бұзылысы бар 0 «ә» және 1 «а» сынып оқушылары «Ұлттық бөлмемен танысу» саяхатына шықты. Мақсатымыз: Балаларға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін тек айтып қана қоймай, сезіндіру. Қалай өтті? Оқушылар киіз үйдің макетін қолмен ұстап көріп, оның құрылымымен танысты. Түрлі-түсті ою-өрнектерді, жұмсақ көрпешелер мен ұлттық аспаптарды өз қолдарымен сипап сезу арқылы ата-баба мұрасын тереңірек таныды.Тәрбиешілер С. Ермағанбетова және Б.Қыдыралина балаларға әр жәдігердің шығу тарихын түсіндіріп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін оятты. Мұндай іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани байыта түсері сөзсіз. Наурыз мейрамы құтты болсын! Төл мәдениетімізді бірге ұлықтайық!