Асығың алшысынан түссін! Мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық ойындар дүбірі жалғасуда! Бұл жолы оқушыларымыз ептілік пен мергендікті қажет ететін «Шертпек» ойынынан бақ сынасты. Ойынның пайдасы: Асық ойыны — тек көңіл көтеру емес, ол баланың көз ілмесін (глазомер) жақсартып, саусақ моторикасын дамытады, төзімділік пен жылдамдыққа баулиды. Балалар арнайы жасалған «Шертпек» алаңында асық иіріп, нысананы дәл көздеп, нағыз жарыс рухын сезінді. Әрбір сәтті шертпек пен жеңіске деген талпыныс оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, бірлікке шақырды.Ұлттық ойындарымыз — ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Оны жас ұрпақ арасында насихаттау — біздің басты міндетіміз!







