«Біздің әлем» театр үйірмесі «Біздің әлем» театр үйірмесінің өнерпаздары «Бала көрген түс» қойылымы арқылы көрермендерді шынайы эмоцияларымен тәнті етті.  Жас өнерпаздар сахнада өздерінің таланты мен шығармашылық мүмкіндіктерін танытып, әрбір қимылы мен ым-ишарасы арқылы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Олардың сахнадағы сенімділігі, өнерге деген сүйіспеншілігі мен талпынысы көпшілікке үлкен қуаныш сыйлады. Қойылым барысында балалар балалық шақтың ғажайып әлемін, арман мен қиялды, мейірім мен достықты әсерлі жеткізе білді. Әрбір көріністен олардың жүрек жылуы мен өнерге деген шынайы ықыласы сезілді. Бұл қойылым — мүмкіндіктің шексіз екенін, өнердің жүрекке жол табатын ерекше күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.  Жас өнерпаздарға шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа сахналық жетістіктер тілейміз!