2026 жылғы 13 наурыз күні қоғам белсенділері «Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені» КММ еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге
«AMANAT» партиясының мүшесі, «Ақтөбе ТВ» телевидениесінің шеф-редакторы - Биманова Бибігүл Ерболатқызы ;
«Respublika» партиясының мүшесі, MKR «LINE» ЖШС директоры - Наурзбаев Саламат Өмірқалыұлы;
Қазақстанның Халық партиясының мүшесі, Қазақстанның Халық партиясы республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы - Курмангазин Бауыржан Олжашевич;
«AMANAT» партиясының мүшесі, Табылды Досымов атындағы республикалық қордың директоры, «Мирас» өңірлік кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты - Калмағамбетов Бижан Қуанышкереевич қатысты.
Олар ұжымға жаңа Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіріп, енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Конституцияның елдің дамуы мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтылды.
Кездесу барысында еңбек ұжымымен ашық пікір алмасу өтіп, қатысушылар өз ойларын білдірді. Ұжым өкілдері 15 наурызда өтетін саяси науқан - референдумға белсенді қатысатындарын айтып, елдің болашағы үшін маңызды таңдау жасайтындықтарын жеткізді.








